Атырау, 25 желтоқсан 00:41
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Жаңа білім министрі мектептерге Әліппені қайтаруға уәде берді

4 792 рет қаралды


Қазақстан мектептеріне әліппе қайтарылады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді министр тамыз конференциясында.

Министр қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Әліппе сынақ өткізетін алаң емес. Бізде нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз", -деді ведомство басшысы.

Дереккөз: Sputniknews.kz

16 тамыз 2019, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.