Атырау, 25 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Елордада Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы басталды

2 766 рет қаралды


Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тамыз конференциясы жаңа 2019-2020 оқу жылының қарсаңында өткізіліп отыр. Тәуелсіздік сарайына барлық өңірден мектеп мұғалімдері, колледжер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналды.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, конференция аясында білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медалімен, сондай-ақ Қазақстан президентінің Алғыс хатымен, "Ы.Алтынсарин" және "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталады.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту.

Дереккөз: Sputniknews.kz

16 тамыз 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.