Атырау, 25 желтоқсан 00:41
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Заречныйдағы азаптау ісі: 7 қызметкер қамалды

2 977 рет қаралды


Алматы облысындағы тұтқындарды азаптаудан кейін 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды", - деп атап өтті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Сонымен қатар, теріс себептермен ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды.  "Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар, Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу шеңберінде 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындалды. Сонымен қатар, мекеме бастығы және Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды. 

Атап өтер жай, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға итермелейтін алғышарттарды жою бойынша жүйелі шаралар кешені қабылдануда", - делінген хабарламада. Министр, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы облысы ҚАЖ департаментінің ЛА155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу барысы туралы атап өтті.  

Тексеру барысында 30 ұялы телефон, 16 зарядтау құрылғысы, 3 құлаққап, 54 шаншу-кесетін заттар (бір рет қолданылатын станоктың жүзі - 34, тырнаққа арналған қысқыштар - 5, қайралған металл заттар - 6, қайшы - 9), азаматтық үлгідегі заттар - 50, қолдан жасалған 2 қайнатқыш табылды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сотталғандардың азаптау туралы арыздары негізінде тергеу жүргізу үстінде. Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

 

15 тамыз 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.