Атырау, 19 сәуір 07:48
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстандық футболшының өліміне қатысты мән-жай белгілі болды

2 303 просмотра


Көкшетаулық "Оқжетпес" жастар клубының футболшысы Роман Зюзиннің неден қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Футбол клубы жас спортшының сеспистен (іріңдеу) көз жұмғанын айтты. Өткен демалыс күндері Роман Зюзиннің ыстығы көтеріліп, ауруханаға жатқазылыпты.

Футболшының өлімі туралы 14 тамызда хабарланған.

"Жақын адамнан, достан айырылу қандай қайғы. Мықты, денсаулығы зор жастардың қаза болуы одан өткен қасірет. "Оқжетпес" футбол клубы Роман Зюзиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Роман көкшетаулық "Оқжетпес" клубының жастар командасында ойнаған болатын" – делінген команданың ресми сайтында.

 Сонымен қатар футбол клубы Sputnik Қазақстан тілшісіне жас ойыншымен қоштасу рәсімі 16 тамызда Көкшетау қаласындағы "Оқжетпес" командасының стадионында өтетінін айтты. Алдын ала мәлімет бойынша рәсім таңғы сағат 11.00-де басталады.

 Биыл Роман Зюзин Қазақстанның екінші лигасында 14 ойын өткізіп, 1 гол салған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

15 тамыз 2019, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.