Атырау, 25 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қытайлық мұғалімі Тоқаевтың жетістік құпиясын айтты

2 377 рет қаралды


Қытайлық ұстазы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай студент болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл видеороликті жариялай отырып, оның 1983 жылы Бейжіңде түсірілгенін айтты. "Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті", - делінген жазбада. 

Сирек фотосуреттер келтірілген роликте Тоқаевтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өтіп жүрген кезі бейнеленген. 

"Бұл ЖОО КСРО-дағы беделдісі саналып, дипломаттарды оқытқан. Қазақстанның болашақ президенті Қытайда тағылымдамадан өтіп жатыр. Оқытушысы Лю Шицинь өз оқушысын білімге құштар, талапшыл әрі оқуда озат болғанын еске түсіреді", - делінеді роликте. Осыдан кейін Бейжің тіл университетінің оқытушысы Лю Шициньнің сөзі беріледі:  "Мен бұл университетте жаңалықтар тыңдау курсынан сабақ бердім. 

Бір таңғаларлығы, әлі күнге сол кездегі дәрістердің бірінен сурет сақталып қалыпты. Бұл - аудиовизуал зерттеулер класында түсірілген. (...) Белсенді, тіл табысқыш, тез арада үздік оқушылардың бірі болды. Газет оқып, өз көзқарасын білдіруді ұнататын, өте әдіпті. Дәл осы қасиеттері осындай биікке жеткізді".

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

15 тамыз 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.