Атырау, 27 сәуір 04:47
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тәрбиешінің балаларға көрсеткен сұмдығы видеоға түсіп қалған

Бейнежазба
4 406 просмотра


Алматы облысында балабақша тәрбиешісінің балаларға зәбір көрсеткен сәті видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео kris_p_brothers_official Instagram-паблигінде жарияланған.  "Ниет-ай" балабақшасы, Байсерке ауылы. Новостройская көшесі, 5а, Гаражный тұйық көшесі. Кіші топ. Зорлық-зомбылықты қолдану, балалармен қатыгез қарым-қатынас. Атап айтқанда, ұру және қорқыту. Құзыретті органдардың назары ауып, мәселе шешімін тапсын. Адамдар, өз балаларыңызды сақтаңыздар", - делінген жазбада. 

https://www.instagram.com/p/B1Kyc8jnmX9/?utm_source=ig_web_copy_link

Алматы облысының әкімдігіндегілер аталған факті бойынша қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. "Бұл оқиға Байсерке ауылындағы жекеменшік балабақшасында болған. Қазіргі уақытта аудандық комиссия құрылды, оған әкімдік, білім беру бөлімі және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері кірді. Бейнежазба алынып, балабақша басшысы мен жұмыс ауысымында болған қызметкерлерден түсініктеме алынады. Тексеру жүргізіледі. Ата-аналармен әңгіме жүргізіледі. Барлық жағдайлар комиссияның жұмысы барысында нақтыланатын болады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 тамыз 2019, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.