Атырау, 28 наурыз 20:28
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жәйремдегі жағдайды тексеру үшін комиссия құрылады

2 901 просмотра


Жәйрем ауылындағы Жәйрем тау-кен байыту комбинатындағы (ЖТКБК) жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы шиеленісті тексеру үшін комиссия құрылады, деп хабарлады «Қазцинк» ЖШС қоғаммен байланыс басқармасынан. 

«Барлық мердігерлер мен қосалқы мердігерлер біздің мекеменің нормативті актілерін, заңнама талаптарын сақтауы керек. Оның ішінде техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және ұйымдастыру саласындағы ережелереміз де бар. Орын алған шиеленіс нәтижесі бойынша біз ортақ комиссия құрамыз, оған мемлекеттік орган, қоғам, еңбек ұжымы және Жәйрем ЖТКБК өкілдері кіреді», - деп келтірген басқарма сәрсенбіде «ЖТКБК» АҚ атқарушы директоры Әбілхан Әкімовтың сөзін. 

Басқармада нақтылағандай, 12 тамызда Жәйрем ауылы тұрғындары мен Жәйрем ТКБК жаңа кен байыту фабрикасы құрылысшылары арасында тұрмыстық жанжал орын алған, нәтижесінде он шақты адам жеңіл жарақат алған, оларға медициналық көмек көрсетілген. 

«Біздің құрылыста Қазақстаннан 1,5 мыңнан астам құрылысшы, сондай-ақ, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Әзірбайжанның, Түркияның азаматтары жұмыс жасап жатыр. Жәйремде соңғы өнеркәсіптік құрылыс сонау кеңес кезеңінде болған, сондықтан соншалықты көлемдегі құрылысшылар бізде жоқ. Біздің алдымызда үлкен мақсат тұр – сенімді компания тауып, екі жылда жаңа фабрика салып, іске қосу. Нысанда екі мердігер компания, 23 қосалқы мердігер компания жұмыс жасап жатыр», - деді Әкімов.

Басқармада атап өткендей, «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ ағымдағы өндірісі өз жұмысын жалғастырды және тамыз айының басындағы жағдай бойынша мұнда 1,7 мың адам жұмыс жасауда, олардың арасында шетелдіктер жоқ. 

Бұған дейін хабарланғандай, Жәйрем кен-байыту комбинатында жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында шиеленіс орын алды. Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс орын алды. Бірнеше шетел жұмысшы азаматтары жеңіл түрде жарақат алды. 

Оларға медициналық көмек көрсетілді. Облыстық әкімдікте атап өтілгендей, жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов барды. Жәйрем кентінде аймақ басшысы кент тұрғындарымен және Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293 б. 3б. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

14 тамыз 2019, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.