Атырау, 19 тамыз 00:03
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 387.05  € 431.48  P 5.85

Президент Жарлығы: 1,1 млн қазақстандықтың несиесінің 33,6 млрд теңге өсімақысы кешірілді

12 тамыз 17:06


ҚР Ұлттық банкінде ҚР президентінің «Қазақстан азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту туралы» Жарлығының қалай жүзеге асып жатқаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Жарлығын орындау аясында ҚР Ұлттық банкі «Мемлекеттік несие бюросы, «Проблемалық несиелер бюросы», екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржыландыру орталықтарымен біріге отырып, 2019 жылдың 1 маусымындағы кепілсіз несиелердің өсімақысы мен айыппұлдарын кешірді. 

Ұлттық банктің 2019 жылғы 2 шілдедегі №116 қаулысымен белгіленген тетіктердің көмегімен банктер мен шағын қаржыландыру орталықтары 30 шілдеге дейін 1 193 091 азаматтың 33,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлдары мен төленбеген несиелерінің өсімақысын кешірді», - деді Ұлттық банк өкілі. Бұл процестер ең алдымен банктер мен шағын қаржыландыру ұйымдарының қаржысының есебінен жасалды. 

2019 жылдың 20 тамызына дейін «Проблемалық несиелер» қоры екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы орталықтарына қарызды өтеу сомасының 30% өтейді. «Әлеуметтік қолдау бір мәрте жасалып отыр. Болашақта кепілсіз несиелерді оңды-солды таратуға қатысты ҚР Президенті Ұлттық банкке қаржылық ұйымдардың жауапкершілігін қатайту, күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын азаматтарға несиеге тыйым салу бойынша жұмысын реттеу тапсырылды», - деді Ұлттық банк өкілі.

Дереккөз: inform.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

462 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4