Атырау, 19 тамыз 00:54
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 386.82  € 428.67  P 5.86

Зорлық көрген жолаушы «ҚТЖ» компаниясынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұрады

12 тамыз 15:31


Зорлау қылмысына қатысты заңнаманы қатайту мәселесі бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстелге «Тальго» пойызында зорлық көрген жәбірленуші де қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Тальго» пойызында зорлық көрген жәбірленуші басынан өткен оқиғаны дөңгелек үстелге қатысушыларға толық баяндай келіп, әуелде кінәлі тарап істі ақша төлеу арқылы жауып тастамақ болғанын айтты. 

«Істің басқалай бағыт алып бара жатқанын көргенде маған зорлық көрсеткен тарап ақша ұсынды. Мен ақшаға мұқтаж адам емес екенімді, ар-намысым үшін күресіп жүргенімді айттым. Олар ұсынған ақшаны мен екі айда таба аламын. Екі айда табатын ақшаны біз саған бір жолда бергелі отырмыз деп көндірмек болды», - дейді жәбірленуші. 

Ол сондай-ақ бұл істі ешқандай ың-шыңсыз, заң аясыда шешпек болғанын айтады. Алайда өз құқығы мен намысы қорғалып жатпағанын көргенде ғана қоғамдық ұйымдарға жүгінген.

«Мен ең бірінші егде жастағы ата-анамды ойладым. Соларға ауыр тиетінін білдім. Сол үшін ешқандай резонанс туғызбай-ақ, заң аясында шешкім келді. Бірақ олай мүмкін болмады», - деген зардап шегуші «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдерінен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады. 

«Қазақстан темір жолы» компаниясынан жолаушылардың қауіпсіздігін толық көлемде қамтамасыз етуді сұраймын. Вагондарға белгі беретін тетік орната ма, әлде бейнебақылау қоя ма, әйтеуір қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Егер сол кезде осындай тетіктер болса, мен осылайша азап шекпес едім», - деді ол.

Дереккөз: Inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

337 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4