Атырау, 24 желтоқсан 23:13
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыдағы Көктөбе отқа оранды

2 987 рет қаралды


Алматыдағы Көктөбе тауында шөп пен қураған ағаш өртенді, өрт сөндірушілер жалынды сөндірді. Көктөбе тауындағы өрт туралы хабар кезекшіге түстен кейін сағат екі жарым кезінде түскен. Көктөбе телемұнарасынан бір шақырым жердегі 10 гектар аумақ отқа оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.

Ведомство хабарлағандай, адамдар мен ғимараттарға ешқандай қауіп төнген жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 27 адам мен төтенше жағдайлар департаментінің алты көлігі жұмылдырылған. Бұдан бөлек "Алматы тазалық" кәсіпорнының суару көліктері де тілсіз жаумен күресуге қатысты. Сондай-ақ өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-ның КА-32 және Алматы қаласы құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тікұшақтары атсалысты.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 тамыз 2019, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.