Атырау, 4 мамыр 13:32
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

3 031 просмотра


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

«Құрметті отандастар! Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт – мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам. Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі. Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды. Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!».

11 тамыз 2019, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.