Атырау, 4 мамыр 16:35
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жол ортасында тұрған: Алматыда әйел мен баланы көлік қағып, екеуі де қайтыс болды

3 433 просмотра


Алматыда әйел мен 5 жасар баланы көлік қағып, екеуі де қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, болжам бойынша, BMW X5 маркалы автокөлік Боралдай көшесінің бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан. Экологиялық бекет аумағында жүргізуші алда келе жатқан автокөліктерді басып озамын деп, үзік жол белгісінен шығып кеткен. Бірнеше метрден кейін бөлу жолағында жас әйел мен екі бала тұрды. "Балалардың бірі көлікті көріп, жолдан жүгіріп өтуге үлгерген. Ал қалған екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Көлік жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті", - деп хабарлайды "Территории происшествий" тілшісі. 

1996 жылы туған қыз жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Ал 5 жастағы бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыттан кейін алған жарақатынан қайтыс болды. Мән-жайды анықтаумен қалалық полиция айналысып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 тамыз 2019, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.