Атырау, 24 желтоқсан 21:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда жоғалып кеткен отбасы табылды

2 814 рет қаралды

 

Алматыда бір күн бұрын жоғалып кеткен отбасы табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inAlmaty.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жоғалған отбасының жағдайы жақсы.

"Отбасы туыстарымен байланысқа шықты. Олардың жағдайы жақсы. Кейінірек толық ақпарат береміз", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ерлі-зайыпты – Андрей және Наталья Чурилиндердің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Олардың кәмелетке толмаған үш баласы өздерімен бірге болған.

Айта кетерлігі, отбасының барлық мүшесі мылқау, бір-бірімен тек ым арқылы сөйлеседі.

Дереккөз: Sputniknews.kz

9 тамыз 2019, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.