Атырау, 24 желтоқсан 21:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Солтүстік Қазақстан облысында анасы мен қызын өлтіріп кетті

2 845 рет қаралды


Солтүстік Қазақстан облысында 39 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызын қылмыскер пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Мәмлүт ауданының орталығында болған. «Үйдің ауласындағы қорадан 39 жастағы әйел мен 3 жасар қызының пышақталған денелері табылды. Қылмысқа күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 25 жастағы танысы ұсталды», - деді полиция өкілі. Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Күдікті сол ауданның тұрғыны, бұған дейін сотталғаны анықталды. Ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: inform.kz

9 тамыз 2019, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.