Атырау, 24 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады?

3 303 рет қаралды


Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өзгеретіні туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері пияз - 98 пайызға, сәбіз - 58 пайызға, картоп - 34 пайызға және күріш - 22 пайызға қымбаттаған.  Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің орташа өсімі жыл басынан бері 8 пайызды құраған. Қымбаттаған азық-түлік тауарларының ішінде бірінші сорттағы ұн мен сол ұннан жасалған нан өнімдері, тауық еті, сиыр еті, сары май және кеспе өнімдері бар.  Керісінше бағасы төмендеген азық-түлік өнімдері де бар. Жұмыртқа - 10 пайызға, ақбас қырыққабат - 8,6 пайызға, қант - 3,5 пайызға және сүзбе 3 пайызға арзандаған.  Орташа есеппен жыл басынан бері азық-түлік өнімдерінің бағасы Нұр-Сұлтанда - 15,6 пайыз, Жезқазғанда - 10,4 пайызға, Өскеменде - 10,2 пайызға, Семейде - 9,9 пайызға және Қызылордада 7,7 пайызға өскен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 тамыз 2019, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.