Атырау, 24 желтоқсан 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

4 018 рет қаралды


Білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі.

"Білім туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады.

Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. Егер 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-і мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ке дейін өскен.

2018-2019 оқу жылында үш миллионнан астам оқушы Қазақстандағы 7024 мектептің табалдырығын аттады, олардың 350 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бұған дейін Sputnik Қазақстан 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап төртінші, тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшетінін хабарлаған еді. Атап айтқанда, оныншы сынып оқушылары "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін оқиды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

8 тамыз 2019, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.