Атырау, 22 желтоқсан 21:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтауда жаппай төбелес болды

Бейнежазба
2 868 рет қаралды


Ақтауда жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Lada.kz. Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай 4 тамызға қараған түні №4 ықшамауданда болған. 

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның мән-жайын айтып берді. Полицейлердің мәліметінше, 4 тамызға қараған түні Атырау қалалық полиция басқармасына жаппай төбелес болғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Екі ер адамның арасында жанжал шығып, нәтижесінде бірі пышақ алып шығып, екіншісін ұрып-соққаны анықталды. Күдікті сол күні ұсталған. Ал екінші ер адамның облыстық ауруханаға жеткізілгені айтылады. Оған ота жасалды. 


Басылымның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 тамыз 2019, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.