Атырау, 28 наурыз 15:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты экс-министрді Қарулы күштер қатарынан шығарды

2 478 просмотра


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты елдің бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты жазалап, оны елдің Қарулы күштері жүйесінен шығарды. Жасұзақов 2016 жылы қыркүйектен 2018 жылдың тамызына дейін Қазақстан қорғаныс министрі болған.

Бұдан бөлек, Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер бас штабының бастығы Мұрат Бектановқа, қарулы күштер бас штабының экс-бастығы Мұрат Майкеевке, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Талғат Жанжүменовке қатаң сөгіс жариялады.

Тоқаев оларды «өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқармады, қару қоймаларын көшіру және орналастыру кезінде кемшіліктер жіберді» деп айыптады.

Қазақстан президенті бұған дейін елдің қазіргі қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа да сөгіс жариялаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

7 тамыз 2019, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.