Атырау, 24 желтоқсан 21:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Нұр-Сұлтанда ер адам жасөспіріммен төбелесті

Бейнежазба
2 647 рет қаралды


Нұр-Сұлтан аулаларының бірінде сәкіде уақыт өткізіп отырған жасөспірімдерге жұдырық ала жүгірген ер адам бақылау камерасына түсіп қалды. Әлеуметтік желілерде жарияланған видео тексеріліп жатыр, деп хабарлады полиция департаменті.

"Жасөспірімдер кіреберістің жанындағы орындықта отыр еді, ешкімге тиіспеді. Олар аулада жиі болады. Тәртіпті балалар, ішпейді, шекпейді, қоқсытпайды. Мүмкін бұл адамға бір нәрсе көрінген шығар, жасөспірімдердің біріне тап берді", - дейді видеоны жариялаған әйел.


Кадрда ер адам жасөспірімнің жағасынан алып, соққы жасайды. Жігіттің достары оған көмектеспек болады. Дегенмен төбелес кезінде шабуыл жасаушының өзі де жерге құлап, басын бақша қоршауына ұрып алған.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті әлеуметтік желіде жарияланған видео тексеріліп, қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

"Тексеріс нәтижесі бойынша оқиғаға қатысушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", - деді елорданың полиция департаменті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

7 тамыз 2019, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.