Атырау, 25 желтоқсан 13:02
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстанда ақша айырбастау қиындай түседі

2 482 рет қаралды


Валюта айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты шектеледі. Сондай-ақ, бұл операцияны жасау үшін құжат көрсету керек болады.

Валюта айырбастау пунктері сағат 10-нан 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ұлттық банк осындай өзгеріс енгізуді көздеп отыр.

«ҚР қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық банк басқармасының қаулысының жобасына жарияланды.

«Айырбастау пунктінің жұмыс режимін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға белгілейді. Пункт 10:00-ден 19:00-ге дейінгі шекте жұмыс істеуі керек», — деп жазылған қаулы жобасының 33-2 тармағында.

Әрбір айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналы жүргізіледі. Құжаттың 51-тармағында сол журналда қандай мәлімет жазылатыны көрсетілген. Олар: клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі.

Құжат 2019 жылдың 16 тамызына дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланады.

Дереккөз: 365info.kz

 

 

6 тамыз 2019, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.