Атырау, 19 сәуір 03:21
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тоқаев Мысыр президентіне лаңкестікке байланысты көңіл айтты

2 016 просмотра


Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мысыр астанасы Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

6 тамыз 2019, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.