Атырау, 28 наурыз 20:02
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Ақтауда атыстан екі адам ауыр жарақат алған

2 687 просмотра


Оқиға 6-шы шағын ауданда орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде болған. Жәбірленушілерді Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізген. Бұл туралы Маңғыстау қалалық полиция департаменті мәлімдеген. 

Зардап шеккендердің айтуынша, жанжал ауызша қақтығыстар салдарынан болған.  

"1993 жылғы жәбірленуші аяғынан жарақаттанған. Ал 1992 жылғы азамат сол жақ білегіне оқ тиген", - деп хабарлайды Маңғыстау қалалық денсаулық сақтау департаменті. 

Департамент мәліметінше, күдікті екі айға қамауға алынған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі де амбулаторлық емдеуге жіберілген. 

"Аталған дерек бойынша полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Тергеу жалғасуда", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 тамыз 2019, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.