Атырау, 29 наурыз 12:14
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ҚХА медиаторларға ақы төлеуді ұсынды

1 686 просмотра


Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор Юсуп Келигов бюджет қаражатынан медиаторлық көмекке ақы төлеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Әрине, медиация туралы заңды әзірлеуде бірқатар жұмыс атқарылды. Бірақ, медиаторларға ақы төлеу мәселесі қарастырылмаған. Адвокат қызметінің мемлекет тарапынан қаржыландыруы үшін бюджеттен қаражат бөлінеді. Біздің жағдайда да қарапайым азаматтарға медиатор қолжетімді болуы үшін – бюджеттен қаржыландыру жүргізілуі тиіс. Біздің пікірімізше, бұл мәселені шешу медиация институтын дамытуға күш береді. Ақы төлеу ең негізгі мәселе болып қалып отыр», - деді Юсуп Келигов елордада Достық үйінде өткен Медиация туралы ғылыми-практикалық конференцияда. 

Оның айтуынша, бұл мәселені заңдық тұрғыда шешуге болады. Осылайша, медиаторлардың мәртебесін, жауапкершілігі мен халық алдындағы сенімін арттыруға болады. Сондай-ақ, Ю. Келигов Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында медиация орталықтары жұмыс істейтінін еске салды. Өткен жылы ҚХА-ға азаматтардан 33 мың шағым келіп түскен. 

«ҚХА орталықтарында кей адамдар бірінші отырыста-ақ даулы мәселесін шешіп, бейбіт тарқасты. Бұл медиация институтының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. 13 749 жағдайда дау-дамау консультация кезеңінде шешілді. Ал 11 мың жағдайда тараптар келісімге қол жеткізді», - деді Ю. Келигов.

Дереккөз: Inform.kz

5 тамыз 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.