Атырау, 24 қаңтар 19:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Дауыл салдарынан 10 адам Алакөл жағалауындағы аралда қалып қойды

2 350 рет қаралды


10 адамнан тұратын топ дауыл  салдарынан Алакөлдің маңындағы Аралтөбе аралында түнеп шықты.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде он адамнан тұратын топ, оның ішінде балалар Алакөл жағалауынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан Аралтөбе аралына серуендеу катерімен аттанған.

Біраз уақыттан кейін қатты жел көтеріледі. Адамдар үлкен толқындардан қорқып, кері қайтуға тәуекел жасамай, кешкі сағат 22 шамасында құтқарушыларға хабарласқан.

"Бұл кезде дауыл әлі басылған жоқ еді, көлге шығу қауіпті болды. Дегенмен жел тоқтағаннан кейін біз аталған бағыт бойынша жолға шықтық. Таңғы сағат беске қарай аралдағы адамдарды таптық. Оларға медициналық көмек қажет болмады", - деді облыс құтқарушыларының жедел құтқару жасағы алтыншы бөлімінің басшысы Нұржан Бажақов. 

Нәтижесінде құтқарушылар адамдарды екі қайықпен жағаға жеткізді.

Шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 23 адам құтқарылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

5 тамыз 2019, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.