Атырау, 24 желтоқсан 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды

2 124 рет қаралды


Өзбекстан Республикасының Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2019 жылдың 3 тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы «Нұрата-Жизақ-Фариш» автожолының 136-шақырымында «Нексия» автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, «Исузу» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте жүргізушімен бірге 7 адам отырған. Оның екеуі бала», – делінген ҚР СІМ хабарламасында. 

Соқтығыс салдарынан оқиға орнында Қазақстан Республикасының 3 азаматының (1952, 2013 және 2016 жылы туған) көз жұмғаны хабарланып отыр. 

«ҚР-ның тағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінгі таңда олардың бәрі есін біліп жатыр. Бірақ жағдайлары ауыр», – деді ведомстводан.

Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар мен олардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде. 

«Көз жұмған және зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келген азаматтар. Бәрі бір-біріне туыс. Осыған байланысты туған-туыстары ажал құшқандарды Өзбекстан аумағына жерлеу туралы шешім қабылдап отыр», – деп хабарлады ҚР СІМ-нен

Дереккөз: 24.kz

5 тамыз 2019, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.