Атырау, 24 желтоқсан 18:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

1 986 рет қаралды


Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn't Leave ("кете алмаймын") атты өлеңі жарық көрді, ол қытай телехикаясының саундтрегі екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа әннің бейнебаянын Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. "Қытай телехикаясына саундтрегім түсірілді. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін", - деп жазған ол видео түсініктемесіне.  


Жас әншінің жанкүйерлері бейнебаяннан таңданысын жасырмай, көптеген пікір қалдырып жатыр.  

"Өте əдемі орындау!!!", - деп жазған iskulovna_rr аккаунтының иесі.  "Димаш бауырым, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді, еліңді ұмытпа. Жарайсың, талант иесісің", - деген Досдан (doszhanabdu) есімді қолданушы. 

"Не деген еңбекқор қазағым, тіл-көзден аман болсаң екен!", - деген Жазира (zhasira_84_astana) есімді қазақстандық.  

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 тамыз 2019, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.