Атырау, 25 желтоқсан 04:05
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қайрат Әбдірахманов Даниядағы Қазақстан елшісі қызметін қоса атқарады

2 506 рет қаралды


Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

Қайрат Әбдірахманов 1964 жылы 21 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған.  Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған.  Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған.

1993-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы - ІV департаменті директорының орынбасары.  

1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екіжақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.  2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 

2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.  

2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың наурызынан бері. Бірнеше медальмен марапатталған.

Дереккөз: inform.kz

1 тамыз 2019, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.