Атырау, 25 желтоқсан 04:05
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Іс тергелуде – Жемқорлыққа қарсы агенттік «Астана LRT»-ға қатысты

3 320 рет қаралды


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджетті талан-таражға салды деп айыпталған «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшылығына қатысты іске түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Астана LRT» ЖШС-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жеңіл рельсті көлік жобасының құрылысы кезінде бюджет қаражатының жымқырылуы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Іс қазіргі таңда тергелуде. Тергеу мүддесіне сәйкес толыққанды ақпаратты жариялай алмаймыз», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында. 

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланғаны бұған дейін хабарланған болатын. «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінімхат жолданды», - деген еді «Астана LRT» ЖШС басшысы Б. Игенбердинов.

Дереккөз: inform.kz

 

1 тамыз 2019, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.