Атырау, 24 желтоқсан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

3 075 рет қаралды


«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолданды», - деді Б. Игенбердинов. Оның сөзіне қарағанда, Т. Арданға қатысты соттың сырттай шешімі шығарылған. «Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр», - деп нақтылады ол. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін LRT құрылысы мәселесін біржола аяқтауды тапсырған болатын. 

Дереккөз: inform.kz

30 шілде 2019, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.