Атырау, 3 мамыр 19:31
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Масқара": министр Тұрғымбаев түрмеде зорлық-зомбылық жасалғанын растады

2 535 просмотра


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Заречный түрмесінде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"26 шілдеде әлеуметтік желілерде видео таралып кетті. Онда Алматы облысының Заречный кентіндегі түрмеде сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсету фактілері жарияланған. Мен бірден қызметтік тексеріс жібердім. Колонияға ішкі қауіпсіздік мамандары барды", - деді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 40 видео мен аудио жазба зерделеніп, сотталғандарға зорлық көрсету фактілері расталды. Кеше тәртіптік комиссияның шешімімен 14 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Олардың ішінде 7-і ішкі істер органдарынан шығарылды. Түрменің екі орынбасары мен мекеме бастығы да жұмыстан босатылды.

"Кеше шұғыл шаралар барысында мекеменің 5 қызметкері ұсталып, екі қылмыстық іс қозғалды. Сол бес адамның ішінде түрме бастығының орынбасары да бар. Тергеу жалғасуда, екі күннің ішінде тиісті шара қабылданады. Шыны керек, ондай факт қылмыстық атқару жүйесі үшін масқара. Біз басқа мекемелерді де тексеретін боламыз", - деді Тұрғымбаев.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

30 шілде 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.