Атырау, 3 мамыр 13:08
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Шымкентте сотталушыға химиялық кастрация қолдану жайлы үкім шықты

2 744 просмотра


Бүгін, 29 шілдеде Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды зорламақ болған деп таныған адамға химиялық кастрация шарасын қолдануға үкім етті.

Қалалық соттың ресми сайтындағы ақпаратта Еркінбек Әлімбетовті 15 жылға бас еркіндігінен айыру және оған химиялық кастрация жасауға үкім шыққаны айтылған.

Сот оны Қылмыстық кодекстің "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша айыпты деп танып, жазасын өтеуге қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне жіберу туралы үкім шығарған. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еркінбек Әлімбетов 2 мамырда 9 және 12 жастағы екі қызды қорқытып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған деген күдікпен ұсталған.

Судья Абинұр Қарабаевтың Азаттыққа айтуынша, Әлімбетов 2003 жылы Мақтарал аудандық соты үкімімен дәл осындай қылмыс жасағаны үшін он жылға сотталған. Жазасын өтеп шыққан соң қайта қылмыс жасаған. 1978 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейтін сотталушы тағылған айыпты мойындамаған. Қылмысты жасаған уақытта спирттік ішімдік ішкенін, оқиғаның қалай болғаны есінде жоқ екенін айтқан.

Химиялық кастрация шарасы медициналық сараптама қорытындысы негізінде тағайындалған. Бұл Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша химиялық кастрация туралы алғашқы үкім.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 шілде 2019, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.