Атырау, 3 мамыр 10:15
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Қазақстан азаматшасы Таиландта түрмеге түсті

2 409 просмотра


Қазақстан азаматшасы Таиландтағы көші-қон түрмесіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ өкілдеріне сілтеме жасап. 

1995 жылғы Қазақстандық қыз алты айдан астам уақыт "еркін" турист ретінде мерзімі өтіп кеткен визамен Тайланд аумағында жүрген. Енді ол депортациялануы мүмкін. 

Қыз бен оның досы, Ресей азаматы, Бангкок әуежайында ұсталған. 

"Консул онымен жеке сөйлесті. Ол шынымен де Қазақстан азаматшасы екен. Енді шешім шыққанға дейін ол көші-қон түрмесінде болады. Үкім келесі аптада шығады. Алдын ала ақпарат бойынша, оны депортациялайды. Әзірге қылмыстық жауапкершілік туралы сөз болған жоқ. Ұстау жағдайына шағым жоқ", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 шілде 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.