Атырау, 24 желтоқсан 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жемқорлық фактісі туралы тәулігіне 5-6 хабарлама келіп түседі – Олжас Бектенов

2 722 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам өкілдерінің белсенділігі артып келеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жалпы, жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам өкілдерінің белсендігі артып келе жатқанын атап өткен жөн. Агенттік ол үшін қажетті инфрақұрылымды жасап келеді. Біз аптасына жеті күн тәулік бойы ашықпыз. «1424» сall- орталығы арқылы еліміздің кез келген жерінен жемқорлық фактісі туралы хабарлауға мүмкіндік бар. Күн сайын нақты сыбайлас жемқорлық фактісі туралы 5-6 хабарлама келіп түседі. Барлық келіп түскен ақпаратқа шұғыл әрекет етеміз», - деді О. Бектенов. Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу жүйесін жаңартудың мақсаттылығын зерттеп жатқанын мәлім болды.

Дереккөз: inform.kz

25 шілде 2019, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.