Атырау, 24 қаңтар 22:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды

2 507 рет қаралды


Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматыда 5 жасар баланы ұрлау әрекеті туралы мәлімдеме Медеу аудандық полиция бөліміне түскеннен соң ҚР ҚК 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты ашу үшін криминалды полиция қызметінде тергеу-жедел тобы құрылды. Күдікті әйел түрін қаншалықты жасыруға тырысқанымен, бірден анықталды. 

«Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті бүгін Алматы облысы Кеген ауданындағы ата-анасының үйінде ұсталды. Тергеу шараларын өткізу үшін ол Алматыға жеткізілді», - дейді Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Болат Тотыбаев. 30 жастағы күдікті сол балабақшаның тәрбиешісі болып шықты. 

«Күдікті — Әлиханды ұрлап әкеткен топтың тәрбиешісі. Қылмыс жасаған кезде ол еңбек демалысында болған. Баланы бейтаныс адамға бермеген қырағы тәрбиеші оны уақытша алмастырған. Күдікті баланың ата-анасынан ақша талап етуді жоспарлаған. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамаймыз», - деді майор Тотыбаев.

Дереккөз: inform.kz

25 шілде 2019, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.