Атырау, 24 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары тағайындалды

3 238 рет қаралды


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 13 маусымдағы Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Бүгінгі күні жаңа органды қалыптастыру толығымен аяқталды. Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа агенттіктің ережесі мен құрылымы бекітілді. Орталықта және аймақтарда басшылық құрамының барлығы тағайындалып, жемқорлыққа қарсы міндеттеріне толығымен кірісті», - деді аталған агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов. 

Сонымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі қызметіне Қуаныш Жапақов тағайындалды. Ол осыған дейін түрлі мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерді атқарды. Ал Алдын алу департаментіне басшы ретінде Анар Жарова бекітілді. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарында қызмет етуде. 

Бұдан бөлек, Серіктестік департаментіне Лейла Ейлдыз, Парасаттылық департаментіне Данияр Сабирбаев басшылық етеді. Д. Сабирбаев осы уақытқа дейін агенттіктің жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры лауазымын атқарды. Мұнымен қоса, Стратегия және жедел басқару департаментін Есқали Саламатов басқарды. Ол ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті. Кадрлық жұмыс департаменті басшысы ретінде Нұрлан Жақсымбетов бекітілді. Өзіндік қауіпсіздік департаментіне Мұрат Қарымсақов жетекшілік етеді. 

Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.

Дереккөз: inform.kz

25 шілде 2019, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.