Атырау, 24 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Кеше Азаттық пен ҚазТАГ-қа шабуыл жасалса, ертең қазақ қоғамына шабуыл жасалады

2 897 рет қаралды

Фото: qazaqtimes.com

Алматыдағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюрода Азаттық радиосы мен ҚазТАГ агенттігінің журналистеріне жасалған шабуылға байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға саясаткер Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрсенбай, журналист Ермұрат Бапи және Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис қатысты. 

Евгений Жовтистің сөзінше, журналистер мен бюро қызметкерлеріне шабуыл жасаған адамдардың артында билік өкілдері тұр және бұл жақсылыққа апармайды. 

 "Бұны билік дайындаған. Екі күн өтті ешкім ешнәрсе жасаған жоқ. Назарбаев пен Тоқаевтың басқаруындағы қоғам қайда кетіп барады? Халықты бір-біріне айдап салу арқылы азаматтық соғысқа бара жатыр ма?.. Халықты Солтүстік Кореяда, Түркіменстанда қорқытуға болады. Бірақ Қазақстанда халықты қорқыта алмайсың... "Жазалаушы әйелдер жасағы" өзінікін жасады. Қазір олар бір жерде демалып жатқан шығар?" - деп мәлімдеді саясаткер Балташ Тұрсымбаев. 

"Кеше Азаттық пен ҚазТАГ журналистеріне шабуыл жасалса, ертең өзге журналистер мен қазақ қоғамына шабуыл жасалады. Украинада "жасыл адамдар" пайда болса, бізде қара ниетті "қара адамдар" пайда болуда. Министр өзінің жазасыз қалатынын біледі. Себебі оның артында Назарбаевтың жүйесі тұр" - деп есептейді Бапи. 

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Алматы қаласында Азаттық радиосы, ҚазТАГ және Алматы арнасына белгісіз әйелдер шабуыл жасаған. Кейіннен бірнеше әйел әлеуметтік желі арқылы журналистерден кешірім сұрады 

Дереккөз: qazaqtimes.com

24 шілде 2019, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.