Атырау, 24 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады

3 047 рет қаралды


1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әрбір жұмысшы үшін жалақының 5%-ын зейнетақы қорына қосымша төлеп отыруға міндеттеледі. 

Бұл 10%-дық зейнетақы жарнаcынан бөлек. Ақшаны жұмыс беруші өз қалтасынан төлеуі тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылайша ай сайын БЖЗҚ-ға 35 миллиард теңге түсіп отырады деп есептеп отыр. Заң 2015 жылы қабылданған болатын. Жүйені 2018 жылы енгізбек болған, алайда ведомство бұл өзгерісті келесі жылға қалдыруға шешім қабылдапты, деп хабарлады 24kz.

«Егер ортақ зейнетақы республикалық бюджеттен өмір бойына төленіп, оны 98 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар ала алады. Ал, 80 жылдары дүниеге келген адамдарға ол берілмейді. Өйткені оларда 98 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Сәйкесінше, модернизациялау тұжырымдамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесі өмір бойына төленетен төлемдерді қамтамасыз ету үшін қосымша шартты-жинақтаушы компоненттермен толықтыру бойынша шешім қабылдады»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры Виктория Шегай.

Дереккөз: baq.kz 

24 шілде 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.