Атырау, 29 наурыз 05:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Министр Тұрғымбаев Азаттық тілшілеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

3 092 просмотра


Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осыдан бір күн бұрын Азаттық тілшілеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдіріп, Алматыда баспасөз мәслихатының алдында болған оқиғаны «екі тараптың жанжалы» деп атады. 

23 шілдеде Нұр-Сұлтанда үкімет отырысынан шыққан соң журналистер сұрағына жауап берген министр Тұрғымбаев: «Кеше  Алматыда брифинг, я баспасөз мәслихатын өтпек болғанда екі жақ өзара жанжалдасып қалды. Екі тарапдың бірі жарақаттанғанын айтып, екіншісі бұзақылық жасалғаны жайлы (полицияға) арызданды. Әр тарап полицияға, дәрігерлерге көмекке жүгінген. Қазір екі арыз тіркелген, мән-жайды анықтаймыз», – деді. 

Кеше Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа белгісіз біреулер шабуыл жасады. Азаттық тілшілері таңертеңгі сағат 11-де Алматыдағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы баспасөз жиынына барған. Ғимараттың бірінші қабатында журналистерге тарпа бас салған бес әйел Азаттық тілшілеріне қол жұмсап, техникасын бүлдірді. 

Бүгін желіде Азаттықтан «кешірім сұраған» екі әйелдің сөзі жазылған видео тарады. Онда аты-жөнін атамаған әйелдер Алматыдағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының «баспасөз залына кіре алмай, дөрекі сөз естігеннен кейін» ұрысып, әлгіндей қылыққа баруға мәжбүр болғанын айтады. Кейіннен Алматы қаласы полиция департаменті Азаттық және басқа басылымдардың тілшілеріне шабуыл оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің «Өз бетінше билік ету» бабы (389-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

23 шілде 2019, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.