Атырау, 17 қыркүйек 06:29
 дождьВ Атырау +19.3
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Үкімет: Жер мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралады

2 561 рет қаралды


Алдағы уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне еліміздегі жер мәселесі тақырыбы қаралады. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесіне тоқталған Ж. Қасымбек, «Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды», - деді. 

Осы орайда ол аталған мәселені қоғамдастықпен талқылау тұрғысында өңірлерге сапарлау кестесі бекітілгенін жеткізді. 

«2019 жылдың соңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылатын болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Дереккөз: ҚазАқпарат


23 шілде 2019, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.