Атырау, 26 сәуір 09:41
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Арыс қаласында 1 875 үй қалпына келтірілді

2 183 просмотра


Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы 1 875 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 секторға бөлінген қалада қазір 7 324 жұмысшы істейді. Олар 4 804 жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйді жөндейді. Құрылысшылар аптап ыстыққа қарамастан еңбек етуде. Күндіз Арыста термометр бағанасы 45 градустан төмен түспей тұр. «Жұмыс күні таңғы алтыдан басталады және сағат 13.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін үзіліс жариялаймыз. Құрылысшыларға демалыс береміз, өйткені аптап ыстық күннің астында жүру мүмкін емес. Сағат төрт жарымдар шамасынан бастап кешке дейін жөндеу жұмыстарын жалғасады. Басқалай болуы мүмкін емес», - деді вице-министр Қайырбек Өскенбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ вице-министрі Арыс қаласында төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бері жұмыс істеуде. Министрлік мамандары құрылыс барысын қадағалайды. Қаланы қалпына келтіруге елдің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар қатысуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

22 шілде 2019, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.