Атырау, 26 тамыз 00:57
Таңертең бұлыңғыр болады+26, күндіз +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 386.34  € 427.25  P 5.88

Азаттық тілшілеріне белгісіз біреулер шабуыл жасады  

22 шілде 11:06

Бейнежазбадан алынған кадр


Бүгін, 22 шілдеде Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа белгісіз біреулер шабуыл жасады. Азаттық тілшілері таңертеңгі сағат 11-де Алматыдағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы баспасөз жиынына барған. Ғимараттың бірінші қабатында бірнеше әйел журналистерге түсіруге кедергі келтіріп, мән-жайды түсіндірместен шабуыл жасады.

"Жиын басталмас бұрын жиырмаға жуық әйел келді. Олар шу шығарып, баспасөз жиынына келген журналистердің камерасын, ұялы телефондарын тартып алуға әрекет қылды. Жиынға келген өзге де адамдарға шабуыл жасады" деді бюро өкілі Сергей Дуванов.


Азаттық тілшілері бүгін адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы "Мемлекет аналар және балалармен күресіп отыр" деген тақырыпта өтуі тиіс баспасөз жиынына барған. Бұл жиынды ұйымдастырушылары елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (Қазақстан билігі сынаушы, қазір шетелде тұратын қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған) қызметіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған алматылық көп балалы ана Оксана Шевчук пен жалғызбасты аналар Гүлзипа Жәукерова мен Жазира Демеуованың үстерінен қозғалған істердің мән-жайын айтпақшы болған.


Дереккөз: azattyq.org 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

473 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4