Атырау, 25 қаңтар 00:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Президент бірнеше тағайындаулар жасады

2 669 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", делінген жарлықта.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Талғат Қалиевті ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы етіп тағайындады.

 «Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», делінген құжатта.

22 шілде 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.