Атырау, 24 сәуір 01:56
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады

1 959 просмотра


Қазақстан білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Шымкентте табылған есірткі притонына қатысты мәлімдеме жасады.

"Қазақстанның бірнеше бұқаралық ақпарат құралында Шымкент қаласы университеттерінің бірінің спорт кешенінде жедел іс-шаралар жүргізу кезінде есірткі притоны табылғаны туралы жаңалық жарық көрді. Аталған факті бойынша ол жекеменшік оқу орны екенін хабарлаймыз. Жоғарғы оқу орнына мемлекеттік білім беру тапсырысы берілмеген", - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.

Мұхамеджанның айтуынша, болған жайттың мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қылмыстық кодекстің "Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ осы мақсатта орын-жай беру" бабы бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде", - деп атап өтті министрдің кеңесшісі. 

Қылмыстық кодекстің бұл 302-бабы бойынша 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 19 шілдеде "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасы Шымкент университеттерінің бірінің спорт залынан полиция қызметкерлері есірткі притонын тапқанын хабарлады. Жұмыс орнында оқу орнының қызметкері марихуана сатқан.

Дереккөз:  sputniknews.kz


21 шілде 2019, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.