Атырау, 17 қыркүйек 06:37
 дождьВ Атырау +19.3
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Қызға жіберген смс себеп болған: "Абу-Даби Плазада" жанжал шықты

2 982 рет қаралды


Астаналық полицейлер "Абу-Даби Плаза" нысанындағы қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы дауды полицейлер шешті.

Елордалық полиция департаментінің  ақпаратына сәйкес, түскі сағат 15:00-де Ақмешіт-Сығанақ қиылысындағы Sheraton Hotel Astana қонақүйінен қоңырау түскен. Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар сөзге келіп қалған.

"Жанжалға "Абу-Даби Плаза" нысанында жұмыс істейтін қызға келген смс хабарлама себеп болған. Ол өзіне смс жазған шетелдік жұмысшы туралы айтып, досына шағымданды", - деп хабарлады полициядағылар.

Полиция қызметкерлері даудың алдын алды. Оқиғаға қатыстылар анықталды, тексеріс жүріп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

21 шілде 2019, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.