Атырау, 24 сәуір 00:29
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстандықтардың жаңа көліктерге сұранысы қандай

2 189 просмотра


Биыл жарты жылда Қазақстанда 31 мыңға тарта жаңа жеңіл автокөлік сатып алынды, оның ішінде 17 мыңнан астамы елімізде құрастырылған. Бұл туралы ҚазАқпарат EnergyPromға сілтеме жасап хабарлайды. 

«2019 жылдың маусым айында коммерциялық жеңіл көліктерді қоса есептегенде қазақстандықтар 6 мыңнан асатын автомобиль сатып алды. Бұл көрсеткіш мамыр айына қарағанда 2,7 пайызға, ал былтырғы маусым айымен салыстырғанда 12,5 пайызға артық. Жалпы, бірінші жартыжылдықта жаңа жеңіл көліктердің сатылымы 30,8 мыңға жетіп, өсім 18,3 пайызды құрады», - делінген хабарламада. 

Атап айтқанда, сатып алынған отандық көліктер үлесі бір жылда 47,1-ден 55,8 пайызға дейін өсті, сондай-ақ импорттық автомобильдер сәйкесінше 52,9-дан 44,2 пайызға дейін қысқарды. Қазақстандық зауыттардан шыққан жеңіл көліктердің сатылымы 40,1 пайызға артты, яғни жартыжылдықта 17,1 мың автокөлікке дейін жетті. Өткізілген импорттық машиналар 13,6 мыңды құрады. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан азаматтары 282,5 млрд теңгеге 30 754 жаңа жеңіл көлік және жеңіл коммерциялық автомобиль сатып алды.

Дереккөз: Іnform.kz 

17 шілде 2019, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.