Атырау, 24 сәуір 10:06
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ресейден ұрланған көліктер Қазақстан шекарасында ұсталды

2 059 просмотра

Көрнекі сурет

Шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмай, ел шекарасында ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен түнде Сарыағаш шекара жасағының «Қапланбек авто» бөлімшесінде Өзбекстанға қарай өтпек болған «Тойота Rav 4» автокөлігі ұсталды. «Тексеру кезінде оның Ресей Федерациясында іздеуде жүрген автокөлік екені анықталды. Көліктің жүргізушісі 1976 жылы туған Тәжікстан азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада. 

Арада екі жарым сағат өткенде Өзбекстанға бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі қолға түсті. Ол да Ресей аумағынан ұшты-күйлі жоғалған. Оның жүргізушісі 40 жастағы ресейлік те полиция қызметкерлеріне табысталды.

Дереккөз: Іnform.kz 

17 шілде 2019, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.