Атырау, 26 тамыз 01:45
Таңертең бұлыңғыр болады+26, күндіз +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 386.34  € 427.25  P 5.88

Тоқаев мұқтаждарға дер кезінде көмектесу мақсатында виртуалды қабылдау ашты

17 шілде 09:19


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылды. Бұл туралы мемлекет басшысы Insagram-аккаунтында хабарлады.

Тоқаев өзінің жеке парақшасына мыңдаған оқырман пікір жазып, сауал жолдап жататынын атап өтті.

"Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтінішке осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер", - дейді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында президенттің виртуалды қабылдауы ашылғанын айтты.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады.

"Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және әкімшілік қызметкерлері де қарастырады. Бұл - еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау", - деп түйіндеді президент.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

409 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4