Атырау, 24 желтоқсан 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда бензин өндірісі 12,8 пайызға артты

2 583 рет қаралды


Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндіру көрсеткіші 1 975,9 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.  

Есепті кезеңде 305,5 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғандағы өсім - 150,8 пайыз), 1 245 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (-0,2 пайыз), 2 408,8 мың тонна газойл (+12,7 пайыз), 1 551,1 мың тонна мазут (+2,7%) өндірілді. 

Сондай-ақ, 1 100,4 мың тонна ферроқорытпа (+8,5%), 1 041,2 мың тонна жазық прокат (-29%), 67,7 мың тонна тазартылған қорғасын (-10,8%), 163,8 мың тонна мырыш (+3%), 227 мың тонна тазартылған мыс (+13,8%) өндірілген.

Дереккөз: Іnform.kz 

16 шілде 2019, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.