Атырау, 25 қаңтар 02:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақысы әділ берілуі керек – Президент

2 830 рет қаралды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға көңіл бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биыл 4 маусымда Атырау қаласында бірдей еңбек ететін жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырған болатынмын. Үкіметке бұл мәселені соңына дейін анықтауды тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин – ред.), еңбек жағдайы, жұмысшылардың жалақысы бойынша егжей-тегжейлі сараптама жасауыңызды сұраймын. Егер инвесторлармен келісімшартқа өзгеріс енгізу қажет болса, мұны күн тәртібінен түсірмеген жөн. Әрине, бұл оңай жұмыс емес, түсінемін, бірақ бұл мәселені шешу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент ұлттық мүддені қорғаудың барлық мемлекеттік орган үшін маңызды екенін атап өтті. «Қазақстандық мамандардың, жұмысшылардың тиісті біліктілік алуына да ерекше көңіл бөлу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: inform.kz

15 шілде 2019, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.