Атырау, 24 желтоқсан 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері қаза болды

3 186 рет қаралды

Куәгерлер түсірген сурет

Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы - Екатеринбург тасжолында жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен.  "Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған", - делінген хабарламада.  

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


14 шілде 2019, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.